Алматыда ҚазҰУ-нің 75 жылдығына арналған веложарыс өтеді

АЛМАТЫ. Қазанның 10-ы. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / -  Алматыда қазанның 11-і күні Әл-Фараби атындағы ҚақҰУ-дың 75 жылдығына арналған мерейтойлық веложарыс өтеді,

Алматыда ҚазҰУ-нің 75 жылдығына арналған веложарыс өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұқаралық веложарысқа 300-дей адам қатысады. Олардың қатарында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Бақытжан Жұмағұлов, елге белгілі спортшылар, ҚазҰУ спорт клубының атақты түлектері, Алматыдағы ірі ұйымдар мен компанияларды басқаратын ҚазҰУ түлектері, сондай-ақ университеттің, басқа да жоғары оқу орындардың студенттері қатысады деп күтілуде.