Алматыда ҚазҰУ түлектері мен университет студенттері арасындағы байланысты жалғайтын орталық құрылды

АЛМАТЫ. 4 Қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Алматыда Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде осы оқу орнын бітірген Түлектер қауымдастығы жанынан студенттердің ақпарат орталығы ашылып, өз жұмысын бастайды.

Алматыда ҚазҰУ түлектері мен университет студенттері арасындағы байланысты жалғайтын орталық құрылды

"ҚазҰУ түлектері мен университет студенттері арасындағы байланысты одан әрі ұлғайту мақсатында студенттердің белсенділікке тартылуы университет үшін өте үлкен жоба болып табылады. Бұл дәстүр шет елдерде жақсы қарқын алған, мұндай игі бастаманы ҚазҰУ студенттері қолдап отыр. Ақпараттық орталықтың негізгі мақсаты - аға ұрпақ пен жастардың арасындағы зиялы орта қалыптастыру, «алтын көпір» орнату болып табылады. Студенттердің көкейінде жүретін сұрақ, түлектердің жеткен жетістіктерінің негізі мен салған сара жолы қандай?!» Орталық осынау сауалдарға тікелей жауап іздеп, айқын байланыс орнататын жер болмақ", -деді Түлектер қауымдастығы атқарушы директоры Кулғазира Балтабаева.

Оның айтуынша, жобаны ұсынған ҚазҰУ-дің Экономика және бизнес жоғары мектебінің 2 курс студенті Дастан Қубаев. Бұл командада университеттің 13 факультетінің өкілдері жұмыс істейді. Жастардың жаңа тың идеялары мен инициативалары дүниеге келуі - білім мен ғылымның басты жаңалығы әрі жетістігі. "Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Қазақстанның басты капиталы - білімді жастар». Бұл жоба университеттің биік деңгейлі тұғырын тағы бір тарихқа бастамақ",- Оның айтуынша, енді білім ордасының студенттері мен түлектерін «алтын көпір» жалғамақ", - деді ол.

Орталықтың директоры алдағы жоспарларымен де бөлісті. "Өткен жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев ҚазҰУ студенттеріне арнайы дәріс оқыды, ендігі кезек, «министр күнін» өткізу",-деді К. Балтабаева.