Алматыда кеден мен шекаралық қызмет жұмыстарындағы жемқорлыққа қарсы әрекеттерді нығайту туралы аймақтық семинар өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда "Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдың кедендік және шекаралық қызметтері жұмысындағы жемқорлыққа қарсы әрекетті нығайту" деп аталатын екі күндік аймақтық семинар басталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл шараны ЕҚЫҰ қызметінің экономикалық және экологиялық үйлестіруші бюросы, Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы және Бүкіләлемдік кеден ұйымы мен ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті бірлесіп ұйымдастырды. Оған Армения, Әзірбайжан, Ауғанстан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Литва, Тәжікстан мен Түркіменстанның кедендік және шекаралық қызметтерінің жетекшілері мен түрлі халықаралық ұйымдардың сарапшылары қатысуда.

"Аймақтық семинардың жұмысы кезінде бүгін - "Жемқорлықпен күрес экономикалық даму әрекеттестігі құралы ретінде", " Халықаралық озық тәжірибелер негізінде Ұлттық стратегия мен сәйкес реттеушілік және институционалдық реформаларды жасап жүзеге асыру", "Жеке сектормен әріптестік кедендік және шекаралық қызметтердегі жемқорлықпен күрестің маңызды элементтерінің бірі ретінде" деп аталатын секциялар бойынша жүреді. Ал ертеңгі сессиялар "Жемқорлықпен күресте кеден органдарында ИКТ мен жаңа технологияларды қолдану, автоматтандыру", "Қорытынды пленарлық пікірсайыс: жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып ұлтық деңгейде алдағы әрекеттерді анықтау" деген тақырыпта өтетін болады", дейді ҚЫҰ қызметінің экономикалық және экологиялық үйлестіруші бюросының Экономикалық және экологиялық форумының бөлім меңгерушісі Габриель Леонте.

Соңғы жаңалықтар