Алматыда Кеден одағын қалыптастырудың бірінші кезеңінің нәтижелерін таныстыруға арналған дөңгелек үстел жиыны өтіп жатыр

trong>. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеден одағын қалыптастырудың келісім базасы қазірігі таңда 51 халықаралық келісімнен тұрады. Оны Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова бүгін осында өтіп жатқан Кеден одағы туралы дөңгелек үстел жиынында айтты,

Алматыда Кеден одағын қалыптастырудың бірінші кезеңінің нәтижелерін таныстыруға арналған дөңгелек үстел жиыны өтіп жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл басқосу Кеден одағын қалыптастырудың 1-ші кезең қорытындысымен бизнес қоғамдастықты таныстыруға арналды. Оны Экономикалық даму және сауда министрлігі мен ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы бірлесіп ұйымдастырды. ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Ерлан Қожасбайдың айтуынша, мұндай дөңгелек үстел жиындары бұған дейін Ақтөбе, Шымкент, Өскемен және Көкшетау қаларында өтті.

"Кеден одағының нормативтік базасын негізгі 3 топпқа бөлуге болады. Олар - үшінші елге қатысты Кеден одағының бірыңғай сауда жүйесі, үшінші елдерге қатысты тарифтік емес шараларды реттеу және институттық топтар. Кеден одағының нормативтік базасы халықаралық келісімдерге негізделген. Олар заң бойынша әр елдің Парламентінде талқыланып, бекітіледі", дейді Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова. Оның сөзіне қарағанда, шілденің 1-інен бастап Қазақстан мен Ресейде бірыңғай әрекет етіп, бірыңғай кедендік аумақ қалыптасатын болады. Ал Беларус бұған дайын болған кезде қосылады.