Алматыда Кедендік одақ елдері мен ЕЕСҚ арасындағы еркін сауда жөніндегі келісімнің екінші кезеңі өтпек
АЛМАТЫ. 8 сәуір. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - 11 сәуір күні Алматыда Кедендік одақ елдері мен Еуропалық еркін сауда қауымдастығы (ЕЕСҚ) арасындағы еркін сауда-саттық жөніндегі келісімнің екінші кезеңі өтеді,
деп хабарлайды ҚР экономикалық даму және сауда министрігінің баспасөз қызметі.
Келісімсөз барысында Исландия, Лихтенштейн, Норвегия, Швейцария, Ресей және Белоруссия елдерінің өкілдері болады. Қазақстандық тарапты экономикалық даму және сауда минстрі Жанар Айтжанова басқарады.
ЕЕСҚ-1960 жылы құрылған аймақтық бірлестік болып табылады. Мақсаты - қатысушыларының арасындағы еркiн сауданы құрастыру және экономикалық бiрiгудi нығайту. Қазіргі күні Исландия, Лихтенштейн, Норвегия, Швейцария ЕЕСҚ-ның мүшесі болып табылады. Олар біріге отырып үшінші елмен саудалық преференциялық келісім жасайды. Бүгінгі таңда еркін сауда бойынша ЕЕСҚ-қа аймақтық блоктар мен басқа да елдер арасында 20-ға жуық келісім жасалған. ТМД елдері арасында Украинамен еркін сауда аймағы құрылған. Сонымен қатар Гонконг, Тайланд, Перу, Алжир және Үндістанмен келіссөздер жүргізуде. Индонезия, Малайзия, Ресей және Вьетнаммен консультациялар басталды.