Алматыда «Кедендік одақ және салық саясаты» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтеді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат - Қаңтардың 18-і күні Алматыда ҚР Кәсіпкерлерінің тәуелсіз қауымдастығының ұйымдастыруымен «Кедендік одақ және салық саясаты» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтеді,

 Алматыда «Кедендік одақ және салық саясаты» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыс барысында Кедендік одақ құрамында қазақстандық бизнес ұта ма, ұтыла ма, біздің кәсіпорындар бәсекеге қабілетті ме, 2010 жылы кедендік-тарифтік саясат қай бағытқа өзгереді, салық оның ішінде жаңа шарттар негізінде шекара асқан тауарларға қосымша құн салығы қалай төленеді деген сұрақтарға жауап беріледі. Мәжіліске кәсіпкерлер мен кеден, салық органдардың басшылары қатысады.