Алматыда кеденшілер 2 келіге жуық контрабандалық зергерлік бұйымдарды тәркіледі

АЛМАТЫ. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше Алматыда Кедендік бақылау департаменті экономикалық контрабанда бойынша Түркиядан ел аумағына заңсыз зергерлік бұйымдарды алып  кіруге қатысты 2 оқиғаны әшкереледі.
None
None

Олар алдымен Алматы халықаралық әуежайында Ыстамбұл қаласынан Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы Алматы қаласына, зергерлік бұйымдарын  жасырын заңсыз өткізбек болған 1972 жылғы Қазақстан азаматшасын ұстады.   Күдіктіні жеке тексеру барысында жалпы салмағы 1 келі 216 грамм түрлі түсті бағалы тастардан әшекейленген  сары ашық түсті металдан жасалған сақина, білезік, сырғалар табылған.  

 Одан кейін   «Ыстамбұл - Алматы»  бағытымен ұшып келген, 1956 жылы туылған қазақстандық  тағы бір   азаматша қолға түсті. Кеденшілер оның қол жүгінің ішінен кеден органында  декларациядан өтпеген жалпы салмағы 596 грамм зергерлік бұйымдарды тәркіледі. Енді бұл екі факті бойынша Алматы қаласының кедендік бақылау департаменті  Қазақстан Республикасының ҚК-нің 209-бабының 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғамақ.

Соңғы жаңалықтар