Алматыда Кенен шығармашылығына арналған кеш өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Дөңгелек үстел» ақынның туғанына 125 жыл толуына арналды. Шараға мәдениет қайраткерлері, жазушылар, ізбасарлары, шығармашылық мұрасын жалғастырушы ақын-жыршылар қатысты. Кенен Әзірбаев қазақтың өте көрнекті ақын-композиторы, ол 80 жылдан астам уақыт шығармаларын өзі жазып, өзі орындаған айтулы өнер иесі. Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген өнер қайраткері (1957), Қазақ КСР-інің халық ақыны, КСРО Жазушылар одағы мен Композиторлар одағының мүшесі, Жамбылдың шәкірті әрі ізбасары Кенен Әзірбаев 150 астам әуенді шығармаларды дүниеге келтірген. «Бүкіл халық болып Кенен мұрасына ден қойып, әспеттеп, мерейтойын атап өтіп жатқаны үлкен қуаныш сыйлайды. Бұл Кенен мұрасының ұмыт болмай болашаққа беттегенін көрсетеді» деді ақынның ұлы Бақытжан Әзірбаев.
Отырыс барысында ақын-жазушылар Кенен шығармашылығы туралы естелік айтып, ізбасарлары Кенен шығармаларын орындады. Дөңгелек үстел мәжілісі кешке М.Әуезов атындағы Қазақтың академиялық театрында концерттік шарамен жалғасады.