Алматыда Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 90 жылдығына арналған апталық өтті

Мәншүк Мәметова апталығының аясында университетте 1 қазан күні студенттер арасында әскери-патриоттық әндер байқауы, ал бүгін - Мәншүк Мәметованың туған күнінде ҚазҰМУ-де оның өмірі туралы «Өмір - аңыз» атты көркем фильмнің көрсетілуімен шараның салтанатты бөлігі өткізілді. Сондай-ақ армия генералы, Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағанбетовтың, Алмалы ауданы әкімдігінің қызметкерлерінің, жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма бастығы С.Боқаевтың, университет ардагерлерінің қатысуымен концерт болып өтті.
Мәншүк Мәметованың 90 жылдығының қарсаңында ҚазҰМУ-нің мұражайында студенттердің Мәншүк қаза тапқан шайқас орнынан әкелінген жаңа экспонаттар пайда болды.
Бұдан басқа М.Мәметова мен Ә.Молдағұлова атындағы орталық саябақта гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған Мәншүк Мәметованың туыстары, ҮЕҰ мен саяси партиялардың өкілдері, ҰОС ардагерлері қатысты.