Алматыда кеңсе тауарларының қоймасы өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматыда канцелярлық тауарлар сақталған қойма өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қалалық ТЖД 101 пультіне «Самғау» (Құрылысшы) ықшамауданындағы Көкорай көшесінің бойындағы өрт туралы хабарлама таңғы сағата 05.06-да түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер екі қабатты қойманың шатырының жанып жатқанын анықтады. Қойманың жалпы аумағы 400 шаршы метр.

«Өрт қойманың батыс бөлігін қиратқан және қосымша сумен жабдықтау құралдарының болмағандығынан өрши түскен. Өрт сөндірушілер жеке тұрғын үй секторының аумағында жақын орналасқан жем сақтау қоймасына өрттің таралуын болдырмау үшін шаралар қолданды. Сағат 06:28-де өрт ауыздықталып, 07:09-де толықтай өшірілді. Барлығы 50 адам және 12 техника жұмылдырылды», -делінген ТЖД хабарламасында.

Өз кезегінде, қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері тәртіп пен құқықтық тәртіпті қаматамасыз етті. Сонымен қатар, өрт сөндіруші техникалардың қойма аумағынан кедергісіз кіруіне жағдай жасады.

Оқыс оқиғадана ешкім зардап шекпеді.


Соңғы жаңалықтар
telegram