Алматыда кезекті рет жасырын ойынханалар әшкереленді

АЛМАТЫ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Алматының полиция қызметкерлері кезекті рет жасырын жұмыс істеп келген ойынханаларды анықтады. Құқық қорғаушылар клубқа түн мезгілінде барған.

Алматыда кезекті рет жасырын ойынханалар әшкереленді
Уақыттың кештігіне қарамастан, бұл жерге келуші ойынқұмарлар саны көп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат қаланың ІІД-не сілтеме жасап.«Залда 63 ойын автоматтары қойылып, бір электрондық рулеткамен жабдықталған. Тексеріс кезінде 36 ойын автоматтарының кілті мен 500-ден астам лотерея билеті тәркіленді. Сондай-ақ клиенттерге ұтысты ақшалай беру деректері анықталды. Мекеменің қызметкерлері де осы деректердің растығын мойындады», деді Алматы ІІД тіл саясаты мен ақпарат басқармасының бастығы, капитан Салтанат Әзірбек.Дәл осындай жағдай Абай даңғылының бойында орналасқан ойынханалардың бірінде де анықталды. «Қойылған шектеулерге қарамастан, Қазақстанның ірі қалаларында заңсыз жұмыс істейтін казинолар мен ойын залдары әшкереленуде», дейді С. Әзірбек. Оның айтуынша, таяу уақытта тексерулер нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнаманы өрескел бұзған ойын мекемелері жабылатын болады. «Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңына сәйкес, елдің барлық ойынханалары қалалардан тыс аймақтарда орналасуы тиіс. Соның ішінде, ойын бизнесін дамытуға арнайы аумақтар ? Қапшағай мен Шортан қалалары бөлінгені белгілі.2008 жылы Алматыда заңсыз жұмыс істеп келген 33 казино анықталды, ал биылғы жылы заңды өрескел бұзушылар қатарында тағы үш ойынхана иелері жауапкершілікке тартылды.