Алматыда «KFW 2011» сән апталығы өтеді

АЛМАТЫ. 16 сәуір. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Сәуірдің 21-23 аралығында «AlmatyTowers» кешенінде қазақстандық сән апталығы (Kazakhstan Fashion Week) өтеді.
None
None

Апталықтың ашылуына белгілі француз дизайнерлері Кларис Хирокс (Clarisse Hieraix) пен Христоф Джуиллармэ (Christophe Guillarmé) келеді. Сондай-ақ АҚШ пен Грузияның дизайнерлері де апталық қонақтары болады.

Биылғы жылдың ерекшелігі апталыққа қатысушы отандық жас дизайнерлер жылдағыдан көп болмақ. Ұйымдастырушылар рекордтық көрсеткіш деп бағалап отыр.

Қазақстан сән апталығының жабылуынан соң fashion-индустрия саласын тағы бір айтулы шара күтіп тұр. Британдық кеңес KFW-пен бірлесе отырып «Reconstruction: мәдени мұра және сәндегі жаңа ағымдар» атты сән апталығын өткізбек. Шара барысында Пол Смит, Вивьен Вествуд, Хуссейн Чалаян, Мариос Шваб, София Кокосалакис, Осман Юсефзада және Питер Дженсен сынды Ұлыбританияның жетекші дизайнерлері өздерінің эксклюзивті коллекцияларын көрсетпек. Көрменің ашылуына Британияның атақты кутюрьесі София Кокосалакис қатысады.

Соңғы жаңалықтар