Алматыда кілең қымбат көлік ұрлаған ұйымдасқан топ қолға түсті

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Олар қымбат маркалы көліктерді ұрлаумен айналысқан. Мәселен, биылғы жылдың наурыз-сәуір айларында аталған қылмыстық топ «Тойота Камри-30», «Тойота Ленд Крузер Прадо», «Даймлер крайслер», «Мерседес Бенц» автокөліктерін айдап кеткен. Оның алдында қылмыстық топтың мүшесі - бойжеткен қыз түнгі клубтарда және басқа да қоғамдық жерлерде ауқатты жігіттермен танысып, сеніміне кіргеннен кейін, көлік кілтінің көшірмесін жасап отырған. Ал оның сыбайластары ол көліктерді ұрлап сатқан. Тексеру шаралары барысында ұсталғандардың гаражынан үш автокөлік табылды. Олар иелеріне қайтарылды. «Қазіргі кезде қылмыстың тағы бір қатысушысы және ұрланған «Мерседес-бенц» атомашинасы іздестірілуде», - дейді Н.Ораз.