Алматыда кінәлі азаматты жауапқа тартпады деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда кінәлі азаматты жауапқа тартпады деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды,деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда кінәлі азаматты жауапқа тартпады деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды


«Алматы қаласы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы ішкі істер органы қатарындағы сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу мен жазаның бұлтартпастығы қағидаттарын іске асыра отырып, бүгін жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша кінәліні әкімшілік жауапқа тартпағаны үшін Алмалы ауданы ӘПБ қызметкерін, 1986 жылы туған Б. есімді азаматты ұстады. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады полицияда.