Алматыда кір тасын көтеру мен армрестлингтен Қарулы күштердің жеке командалық чемпионаты өтіп жатыр

АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты Армияшылардың орталық спорт клубы базасында кір тасын көтеру мен қол күресінен Қарулы күштердің жеке командалық чемпионаты басталды.
None
None

ҚР ҚМ-нен мәлім еткендей, спартакиаданың бірінші бағдарламасы бойынша оқу орындары курсанттарының арасында спорттың қолданбалы және ойын түрлерінен жарыстар өткізілетін болады.

13 ақпанға дейін жалғасатын жарыстарға Құрлық әскерлері Әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты, Әуе қорғанысы күштері әскери институты, Әскери-теңіз күштері әскери институты, Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусы мен ІІМ Әскери институтының (Петропавл қаласы) командалары қатысуда.

ҚР Қарулы күштері спартакиадасының бағдарламасына сәйкес, жыл сайын әскери-қолданбалы спорт ойындары түрлерінен 10 чемпионат өткізіліп тұрады.

Соңғы жаңалықтар