Алматыда қираған ағаш электр сымын үзіп, көліктің үстіне құлады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қираған ағаш электр сымын үзіп, көліктің үстіне құлады. Төтенше жағдай туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Гаухар Нөкербекова айтып берді.

Алматыда қираған ағаш электр сымын үзіп, көліктің үстіне құлады

Оның сөзінше, оқиға Жангелдин көшесінің бойында орын алған.

«Көшенің бойындағы ағаш найзағай жарқылынан шарт сынып, тұрақтағы көлік үстіне құлаған. Сондай-ақ, ағаш бұтақтары электр желісін үзіп кеткен. Қазір көшедегі адамдарды тоқ ұру қаупінен сақтау үшін аймақ қоршауға алынды», - деді Гаухар Нөкербекова.

Оқиға орнында қалалық құтқару қызметі сынған ағаштың бұтақтары мен діңін жолдан алып жатыр.

По джангильдина пересечение сидоркина движении нет, дерево зацепило 3 столба и упала на машину, тем самым парализовал ул.Жангельдину 👆👆👆

Публикация от Online #1ViP@kris_p_almaty🇰🇿 (@kris_p_almaty) Июн 6 2017 в 4:09 PDT