Алматыда қисайған көпқабатты үйдің тұрғындарына пәтер жалдау үшін өтемақы берілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Алғабас-6» шағын ауданындағы қисайған көпқабатты тұрғын үйдің 17 отбасына өздері таңдаған уақытша пәтерді жалдап тұруы үшін өтемақы берілді. Бұл туралы бүгін осы үйдің тұрғындарымен кездесу барысында Алатау ауданының әкімі Бағдат Манзоров мәлім етті.

Белгілі болғанындай, тұрғындарға осы шағын ауданда уақытша баспана алу немесе жалдамалы баспана үшін өтемақы алу ұсынылды. Онда олар жаңадан тұрғын үй салынғанша тұратын болады. Ал жаңа тұрғын үй жарты жыл ішінде салынып бітеді. Тұрғындар 1 желтоқсанға дейін пәтерлі болады деп күтілуде.

Б. Манзоровтың айтуынша, бүгін тағы 10-15 адамға уақытша баспананың кілті табыс етіледі. Алдағы 2-3 күн ішінде бұл мәселе толығымен шешіледі. Тұрғындардың барлығы уақытша пәтерлеге орналастырылады.

Бұған дейін «Астана Құрылыс» Ұлттық құрылыс компаниясы» АҚ директоры Бекболат Амантурлин Алғабас ауданы бойынша баспана жалдау бағасын жариялаған болатын.  

Тұрғындарға бір бөлмелі пәтерді жалдау үшін берілетін ақшаның көлемі  - 40-50 мың теңге, екі бөлмелі пәтер үшін - 50-60 мың теңге және үш бөлмелі пәтер үшін - 60-70 мың теңге.

«17 отбасына өтемақы берілді. Олар бұл ақшаға уақытша баспананы өзері іздеп табады. Ал біздің тараптан жалға берілетін тұрғын үйден уақытша пәтер жалдағылары келетіндерге уақытша баспана беріледі. Қазір 42 отбасымен алдын ала келісім жасап қойдық», - деді Б. Амантурлин.

Бұл бағаларды естіген тұрғындар жағасын ұстады. Олардың айтуынша, мұндай өтемақыаға Алғабас шағын ауданынан пәтер жалдау мүмкін емес. Оның үстіне жалға берушілер өтемақыдан 10 пайыздық кіріс салығын ұсталынады. 

Соңғы жаңалықтар
telegram