Алматыда Кіші Алматы мен Есентай жағалаулары қалай өзгерді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Кіші Алматы, Есентай және Тіксай өзені арнасының бойындағы жаяу жүргіншілер аймағын реконструкциялау туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАақпарат тілшісі.

Алматыда Кіші Алматы мен Есентай жағалаулары қалай өзгерді

«Бұл аумақтарды абаттандырудың басты міндеті – Алматы жағалауларын жайлы және қауіпсіз жерге айналдыру. Ол үшін біз тротуарларды кеңейтіп, бұталар отырғыздық. Су маңындағы кеңістік жаяу жүргіншілерге берілді, балалар алаңдары пайда болды», - деді Әсет Масабаев.

Сондай-ақ, Кіші Алматы өзенінің бойындағы жаяу жүргіншілер аймағын қайта жаңарту жүргізілді. Ұзындығы 9 шақырым жаяу жүргінші жолы абаттандырылды, аумақта жасыл қор жақсартылды, 5 мыңға жуық бұта өсімдіктері отырғызылды, габион құрылымдары нығайтылды және қалпына келтірілді.

«Сонымен қатар, Мақатаев көшесіндегі көпір қайта жөнделді. Қалалықтарға ыңғайлы болу үшін жаңа орындықтар жаңартылып, қосылды, навигациялық стендтер мен ақпараттық стелалар орнатылды. Сондай-ақ, әл-Фараби даңғылының астындағы туннель абаттандырылды, ал оқушылар сарайы ғимаратының артында бақылау алаңы құрылды. Кеңістіктің үйлесімділігі мен тұтастығын сақтау үшін барлығы ағаштан жасалған, деді аудан әкімі. Қала тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша санитарлық тораптар орнатылып, қосылған, сондай-ақ балалар алаңдары ұйымдастырылған»,- дейді аудан әкімі.

Оның айтуыеша, Есентай өзені маңында жаңа променадтық аймақтың құрылысы жүріп жатыр. Су бөлгіштен Жамақаев көшесіне дейінгі жаяу жүргіншілер аймағының жалпы ұзындығы 4,2 шақырым болады.

Бүгінде 1,8 шақырым бірінші учаскеде жаяу жүргіншілер жолын салу және жағалауды бекіту жұмыстары аяқталды.

Жағалауда жарық шамдары, ойын және спорт алаңдары орнатылды. Көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, 3 мың шаршы метр аумаққа 3 мыңнан астам бұталар мен басқа да көпжылдық өсімдіктер отырғызылды. 800 метр ағаш жаяу жүргінші жолы және 1,6 шақырым асфальт жолы салынды.

Мұнда сондай-ақ қарау алаңы мен өзенге ашық көрінетін экологиялық материалдардан жасалған орындықтар қарастырылған.

Әсет Масабаев Тіксай өзенінің арнасы жаңартылатынын тілге тиек етті.

Оның айтуынша, жағалауды нығайту жүріп жатыр, ал жағалауда тазаланбаған учаскелердің орнына жаяу жүргіншілер жолы бар жаңа қоғамдық кеңістіктер құрылатын болады. Жағалау жарықтандырылады, жұмыстарды аяқтау 2022 жылға жоспарланған.

Сонымен қатар, Медеу ауданындағы Достық гүлзарында Кіші Алматы өзені бойында Құрманғазы көшесінен Гоголь көшесіне дейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жарықтандыру, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату жұмыстары жүргізілді, брусчатка мен жаңа асфальт төселді.

Сондай-ақ, балалар мен спорт алаңдары пайда болды, ағаштар, гүлзарлар мен бұталар отырғызылды.

Осы жылы Жамал Омарова көшесіндегі Достық даңғылынан Луганский көшесіне дейінгі жалпы ұзындығы 500 метр жаяу жүргіншілер жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.

Қоғамдық кеңістік қалпына келтірілді, көгалдар, бұталар мен ағаштар отырғызылды, жарықтандыру бағаналары орнатылды, тротуар плиткалары төселді.