Алматыда «Кішкентай үйдің үлкен құпиясы» атты комедияның премьерасы болды

АЛМАТЫ. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Сержан Закерұлы/ - Кеше Алматыдағы Қазақтың Ғабит Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында жаңа қойылымының таныстырылымы болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Кішкентай үйдің үлкен құпиясы» деп аталатын бұл комедия Александр Вампиловтың «Тұңғыш ұл» пьесасының сахналық нұсқасынан аударылып қойылып отыр. Оның аудармашысы және қоюшы режиссері ҚР халық әртісі, театр директоры Талғат Теменов. Бір отбасының айналасында өрбитін бір сәттік оқиғаны арқау еткен бұл шығарма әр түрлі мінездегі тағдырлардың сырын паш етуге арналған. Басты кейіпкерлерді ҚР еңбек сіңірген әртісі Тұрсын Құралиев (Сарафанов) пен Ербол Садырбаев (Сиьва), Мұхитдин Шынтаев (Бусыгин), Есжан Хамидуллин (Васенька), Қуаныш Тұрдалин (Кудимов), Гауһар Шарипова (Нина), Сәуле Жұбанова сияқты жас шеберлер сомдап шықты. Екі бөлімді жаңа қойылымының премьерасын қала тұрғындары мен қонақтары, Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед тамашалады.
Соңғы жаңалықтар