Алматыда классикалық музыка кеші өтеді

АЛМАТЫ. Сәуірдің 16-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Сәуірдің 18-і күні «Қазақконцерт» залында «Қорқыт» қорының ұйымдастыруымен классикалық музыка кеші өтеді.

Алматыда классикалық музыка кеші өтеді
Бұл туралы бүгін Алматыда арнайы өткен баспасөз мәслихатында "Қорқыт" қорының директоры Дана Мейірбекова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл концерт 2 бөлімнен тұрады. 1-ші бөлімде Құрманғазы атындағы консерваторияның фольклорлық-этнографиялық «Тұран» ансамблі мен примашылар мен қобызшылар ансамблі өнер көрсетеді. 2-ші бөлімде белгілі фортепьяношы Арман Тілеубергеновтің сүйемелдеуімен жас та талантты скрипкашы Ақан Мейірбеков, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектебінің «Giovanni Talenti» камералық оркестрі өнер көрсетеді. Өнер кеші барысында Қорқыт, Бах, Вивальди, Моцарт, Грига, Паганини, Шнитке, Сағатов, Серкебаев шығармалары орындалады. «Қорқыт»қоғамдық қоры 2001 жылы Владимир Спиваковтың бастамасымен құрылған. Ондағы мақсат - көшпелілер мәдениетінің музыка өнерін насихаттау. Құрылғаннан бергі 7 жыл ішінде қордың бастамасымен бірнеше концерттер ұйымдастырылған болатын. Қордың құрылтайшылары қатарында Владимир Спиваков, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева, Қанат Ахметов, Фуат Мансұров сынды өнер майталмандары бар», - дейді қор директоры Дана Мейірбекова.