15:24, 04 Тамыз 2022 | GMT +5
Алматыда қоғамдық әжетхана жобасы дайындалып жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қоғамдық әжетханалар орнату жобасы дайындалып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы әкімімен кездесуге келген Бостандық ауданының тұрғындары қала басшысынан әл-Фараби даңғылындағы президент саябағына қоғамдық дәретхана орнатып беруді сұрады. «Жаңа жоба әзірленіп жатыр. Соның аясында саябақтың ішінде дәретханалар болады. Олардың жақсы болуын да ескереміз. Өкінішке орай, жалпы қаладағы қоғамдық дәретханалар – өз алдына бөлек мәселе. Қазір бізде қалада салынған 20 дәретхана туралы шешім қабылдадық. Жаңа басқарушы компания мұнымен қалай күресетінін көрейік»,- деді ол.
Әкім өзінің орынбасарына саябаққа қанша әжетхана қажет екенін анықтауды тапсырды.
«Маған 4 дәретхананы көрсетті. Дегенмен қажет болса, олардың арасындағы қашықтықты азайтып, балалар мен қарттарға қолжетімділікті арттыру үшін саябақтағы дәретхана санын көбейтуге болады деп ойлаймын»,- деді Ерболат Досаев.