Алматыда қоғамдық көлік кешкі тоғызға дейін ғана жүретін болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қоғамдық көлік 21:00-ге дейін қатынайтын болады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда қоғамдық көлік кешкі тоғызға дейін ғана жүретін болды

«Қаладағы жолаушылар ағынын талдау нәтижесінде қоғамдық көлікте жолаушылар ағыны 70% азайғаны байқалған. Соған байланысты Алматыда төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету бойынша жедел әрекет ету штабы қалалық маршруттардың уақытын қысқартуды ұйғарды. Енді 24 наурыздан бастап қаладағы автобустар кешкі 21:00-ге дейін қатынайтын болады», - деді баспасөз қызметінен.

Ал қалааралық және қала сыртындағы маршруттар жұмысын тоқтатты.