Алматыда қоғамдық көлік метро бекетіне соғылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қалалық жолаушылар автобусы метро станциясының кіреберіс құрылымына соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.
«Қаскелең автобус паркі» ЖШС тасымалдаушы компаниясының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 28 желтоқсан күні таңғы уақытта Абай көшесінің бойында Ясауи мен Момышұлы аралығында болған.
«28 желтоқсанда таңғы сағат 7:30 шамасында №78 маршруттың жүргізушісі «Б. Момышұлы метробекетіне» кіреберістегі әйнек құрылымына соғылды . Зардап шеккендер жоқ»,- деп хабарлады компаниядан.
Автопарк басшылығы уәкілетті орган Алматы қалалық Полиция департаментінмен бірлесіп, қолданыстағы заңнама аясында шара қабылданатынын жеткізді.
Видеодан алынған кадр/instagram.com/kris_p_almata