Алматыда қоғамдық көліктерді тексеру тәртібі өзгерді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі қоғамдық көліктердің жұмысын бақылауға бағытталған рейд ұйымдастырмақшы. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің арнайы сауалына қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінде жолаушылар көлігінің жұмысын реттеу мақсатында қоғамдық көліктерді тексеру тәртібі шығарылды.
Рейд құрамына қалалық полиция, жолаушылар көлігі инспекциясының өкілдері кіреді.
Сонымен қатар, құзырлы орган өкілдері автобус аялдамаларында уақыт белгілеп тұратын қызметкерлерді жұмыстан босатуға мүдделі болып отыр.
«Мұндай адамдардың қызметіне қажеттілік қазір жоқ. Олардың әрекеті толығымен заңға қайшы. Рейд барысында олардың заңсыз әрекетін әшкерелеу мен жұмысын тоқтату жалғасатын болады», - деді басқарма өкілдері.