Алматыда қоғамдық көліктердің жүру кестесі өзгерді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполисте қоғамдық көліктер қалай жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық көліктер мен қала маңындағы маршруттар жұмыс күндері штаттық кестеге сәйкес жүреді. Ал демалыс күндері таңғы сағат 6:00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал кешке 17.00-ден 22.00-ге дейін қатынайды», - деді Бекшин.

Оның айтуынша, бұл шектеулер эпидемиологиялық тексерудің аналитикалық деректері негізінде енгізілді.


Соңғы жаңалықтар