Алматыда қоғамдық көлікті бақылау қызметкерлері 1 аптада тасымалдау ережесінің бұзудың 82 оқиғасын анықтады

АЛМАТЫ. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Алматыда өткен аптада қоғамдық көліктердің 4 жүргізушісі жұмыстан босатылды.
None
None

Қалалықкөлік басқармасыныңхабарлауынша, қоғамдық көлікті бақылау қызметкерлерінің тексеруі бойынша тасымалдау ережесінің бұзуға байланысты 82 оқиға анықталды. Онда жол билетінің жоқтығы және көлік салонында ақпараттық қағаздың болмауы, көлік жүргізушілерінің формасының жоқтығы, рұқсат етілмеген жерлерге тоқтау және жолаушыларды түсіру, қосымша орындардың болмауы және тағы басқа жәйттар тіркелді.

Жалпы Алматыда көлік басқармасы ұйымдастырған қоғамдық көлікте жылжымалы бақылау топтары өз жұмысын 2012 жылдың 3 қыркүйегінде бастаған болатын. Оның құрамына жолаушылар көлігінің басқармасы мен жолаушылар тасымалдаушылардың өкілдері кіреді. Мамандар күні бойы көлік қызметін тексеріп, ереже бұзушыларды фото мен видеоға түсіреді. Бұдан басқа, тексеру қызметкерлерінің міндетіне көліктегі әртүрлі ахуалдарды қадағалау кіреді. Осылайша, жылжымалы бақылау топтары қалалық қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыруға өз ықпалын тигізуде.

Соңғы жаңалықтар