Алматыда Қоғамдық Палатаның көшпелі отырысы өтеді

АСТАНА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат - Сәуірдің 17-ісі күні Алматы қаласында ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық Палатаның көшпелі отырысы өтеді,

Алматыда Қоғамдық Палатаның көшпелі отырысы өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Күн тәртібіне екі мәселе енгізілген. Атап айтқанда, бірінші кезекте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылғы наурыздың 6-сындағы «Дағдарыстан - дамуға» атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауына орай халықты жұмыспен қамту шаралары қаралады. Екінші мәселе ? «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заң жобасы. Отырыста Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова мен Сауда және индустрия министрінің орынбасары Еділ Мамытбеков баяндама жасайды деп күтілуде.Сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі Экономика институтының директоры, Қоғамдық Палатаның қаржы-экономикалық реформа және аймақтық даму секциясының жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы Оразалы Сәбден азаматтық қоғам мен биліктің әлемдік дағдарыс жағдайында халықты жұмыспен қамту мәселесі туралы, «Қазақстан тұтынушыларының Ұлттық лигасы» қоғамдық қорының президенті, Қоғамдық Палата мүшесі Светлана Савченко «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заң жобасы жайында баяндама жасамақшы.Талқылау соңында қорытынды құжат қабылданады.Басқосуды Мәжіліс Төрағасының орынбасары, Қоғамдық Палата Төрағасы Сергей Дьяченко жүргізіп, оның жұмысына Үкімет, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.Қоғамдық Палатаның отырысы Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер Институтының ғимаратында өтеді.