Алматыда «Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал» атты конференция өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал» атты халықаралық онлайн конференция басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен Алматы Менеджмент университетінің құрылған күніне орай ұйымдастырылған.

Конференция мақсаты – отандық және халықаралық ғалымдар мен сарапшылар, зерттеушілер мен кәсіби мамандардың басын қосып, қоғамдық сенім мен әлеуметтік капиталдың тарихи, саяси және әлеуметтік-экономикалық бағыттарын айқындап, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасында сенімді қарым қатынасты орнату үшін әлуметтік капиталдың ықпалы мен осы үдерісті тежеп отырған мәселелерді талқылау.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі екенін атап көрсетті және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру үшін саяси және қоғамдық трансформацияның маңызына назар аударды.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Австрия Республикасының Елшісі Вилли Кемпел және басқа да белгілі ғалымдар, халықаралық, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып жатыр.


Соңғы жаңалықтар