Алматыда қоғамдық тәртіп сақтауда 4 мыңнан астам қоғамдық күзетші қызмет етеді

АЛМАТЫ. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Қоғамдық тәртіпті қадағалауда полиция қызметкерлеріне көмек көрсетуге өтініш берушілер көбеюде. Олардың саны бүгінде 4 мыңнан асып отыр, деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.
None
None

Қоғам мен полицияның өзара тығыз қарым-қатынасының бір көрінісі - қоғамдық күзетшілерді жұмыстан бос кезде қоғамдық тәртіпті сақтауға тарту.

«Елбасымыз қоғамдық тәртіпті сақтауда, азаматтардың құқықтары мен азаттығын қорғауда және қылмыс пен заң бұзушылықтармен күресудегі құқық қорғау органдарының ерен еңбегін талай рет айтқан. Біз осы бағытта қоғамдық күзетшілерді тәртіп сақтауда көптеп тартудамыз. Көптеген бұзақылықтарды ашуда, әсіресе, көше бұзақылықтарын ашуда қоғамдық күзетшілер үлкен жұмыс атқарады. Соның нәтижесінде, қазірге дейін 10 шақты қылмыскерді құрықтау әрекеттері сол күзетшілердің арқасында іске асып отыр», деді мемлекеттік күзет қызметі бастығы подполковник Бауыржан Сапарбеков.

Қазір қала бойынша 700-ден астам күзет орталықтары жұмыс істейді. Онда 13 мыңнан астам күзетші қызмет етеді. Қала әкімінің хаттамалық тапсырмасына сай ІІД «Қауіпсіз қала» бағдарламасы жасалды. Бұл бағдарлама аясында 752 үй қарауға алынып, ол үшін күзет фирмаларының 1500 қызметшісі қызмет етуде. Ағымдағы жылда тәртіп сақтауға 520 күзет ұйымдары жұмылдырылған. Патрульдік қызметке 6 мыңнан астам күзетшілер, оның ішінде полиция көмекшілері де атсалысқан.

Жыл басынан бері күзетшілер қызметінің арқасында 225 қылмыстың беті ашылып, 2 мыңнан астам адам ұсталып, ішкі істер орындарына тапсырылған.

Соңғы жаңалықтар