Алматыда көгершіндер көрмесі өтті

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ -  Алматыда көгершін құстарының алуан түрі халық назарына кеңінен ұсынылды. 
None
None

Түркісіб ауданы әкімдігінің қолдауымен бұл көрмеде бейбітшілік рәмізіне айналған құстың француздық бұйра бас, ағылшын көгершіні, екі түсті өзбек көгершіні және басқа да сирек кездесетін түрлері қойылды.

Көгершін өсірушілердің айтуынша, құсты бағумен айналысатын адамдар қамқорлықтың, шыдамдылықтың және еңбектің не екенін жақсы білетін адам деп есептеледі екен. «Жетісу» әуесқой көгіршін бапкерлері» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен ұйымдастырылған шараға Мәскеуден арнайы сарапшылар шақыртылып, кептердің сан алуан тұқымдарына баға берді.

Қазылар алқасы ортаазиялық «Нават - Канкан», «Бұхарлық» тұқымды  көгершіндерге жоғары баға берді. «Жетісу» клубының өкілдері мұндай көрмелерді жыл сайын өткізіп тұруды ұйғарып отыр. Келесі жолы ТМД-ның басқа да елдерінің көгершін баптаушыларының қатысуымен кең көлемде көрме өткізу жайы қарастырылуда.

Соңғы жаңалықтар