Алматыда қоқыс сұрыптау кешенінің құрылысы басталды
Жаңа нысан еуропалық жабдықтармен жабдықталады. Экономикалық есептеулерге сәйкес, компанияның өндірістік қуаты Алматы қаласының қажеттілігін толығымен өтейді.
Қалдық сұрыптау кешенінің құрылысы «Green Recycle» ЖШС жеке инвестициясы есебінен жүзеге асырылады.
Сұрыптау барысында қайта пайдалануға жарамды компоненттер таңдалады.
Жылына 550 мың тонна қоқыс өңдейтін зауыт 2018 жылдың жазында пайдалануға берілмек.
Алматы әкімінің айтуынша, тұтастай алғанда қалдықтарды сұрыптау кешенінің пайда болуы өнеркәсіптің дамуына серпін береді және қаладағы экологиялық жағдайды жақсартады.
«Мемлекет басшысы қала экологиясы мәселесіне ерекше назар аударады. Алматы қаласының даму бойынша соңғы кездесуінде Мемлекет басшысы қоқыс проблемасын жүйелі түрде шешу, оны кешенді өңдеуді және пайдаланудың толық циклін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Зауыттың құрылысы біз үшін басым жоба болып табылады, бұл ЭКСПО-2017 мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін маңызды бағыт. Қазір біз бірінші кезекте қоқысты іріктеп, одан кейін оны қайта өңдеуге мүмкіндік беретін жүйені құрып жатырмыз», - деді қала әкімі.
Алматы қаласының әкімі жұмыс сапарының аясында Алатау ауданында орналасқан Индустриалды аймақтың жұмысын тексерді. Бүгінгі таңда Индустриалды аймақта жалпы құны 191 млрд теңге болатын 40 жоба тіркелді. Қала әкімдігімен индустриалды аймақтарды жаңа жобалармен толтыруды арттыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы ҚР Президентінің «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген болатын. Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болды.
Қазір бағдарламаның 2-кезеңі жүзеге асырылып жатыр.
Сондай-ақ, «Алматы-2020» даму бағдарламасына
сәйкес 2020 жылға дейін кәріз тазарту үй-жайларының ұйықты алаңқайларында биогаз өңдеу бойынша қоқысөңдеуші кешеннің жобасын бекіту, кешен құрылысының қаржыландыру көздері мен сызбасын келісу, жылына ТБО 300 мың тонна жоба күшімен Кешен құрылысын салу, кешен қызметінің нәтижесін мониторингілеу бойынша талаптарды қалыптастыру, Алматы қаласының Алатау ауданында қалдықтарды сұрыптау кешенінің (ҚСК) құрылыс, жеке инвесторлар қаражаты есебінен қалдықтарды өртейтін күші 650 мың тоннаны құрайтын зауыттың құрылыс үдерісіне әкімшілік қолдау көрсету (Қарасай полигонында), қоқысты бөлшектеп жинау мен сұрыптау концепциясын жасауға сатылай көшу, қауіпті және басқа да қалдықтарды кәдеге жарату, көму, жинау мониторингі бойынша әдістеме әзірлеу қарастырылған.
