Алматыда «Көкжайлау» тау шаңғысы курортының құрылысы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматыда «Көкжайлау» тау шаңғысы курортының құрылысы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді. Бұл туралы Алматы қалалық туризм басқармасынан хабарлады.
Жоба бойыншва тыңдаулар 11 қаңтар күні Қазгидромет ғимаратында өтпек. Нысанның мердігері «Көкжайлау» тау шаңғысы курорты» ЖШС жұртшылыққа жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін ұсынады.
Еске сала кететйік, Алматыда ірі «Көкжайлау» тау шаңғысы курортының құрылыс жоспарлануда. Ұйымдастырушылардың ойынша, ол Іле-Алатауы ұлттық паркінің аумағында орналаспақ. Бас жоспарға сәйкес «Көкжайлау» ауданы 1 100 гектар аумақты қамтиды, оның 17 гектарына тау шаңғысы ауылы орналасады. Мұнда жыл сайын 1 млн. адам келеді деп күтілуде. Болжамдарға сәйкес жобаны салудан бюджетке 3 млрд. долларға жуық кіріс түспек.