Алматыда қол сөмке ұрлаушы құрықталды

АЛМАТЫ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматы шолғыншы полицейлері кезекті қол сөмке ұрлаушыны құрықтады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда көптеген нәзік жандылар осындай ұрлықтың құрбанына айналуда. Автокөлігі бар әйелдер керекті заттарын алуға ынғайлы болғандықтан қол сөмкелерін көбіне алдыңғы отырғышқа қояды. Бұны ұрылар пайдаланып кетуде. Көлік бағдаршамға тоқтағанда, оған белгісіз біреу жүгіріп келіп, терезесін сындырып немесе есігін ашып ішіндегі сөмкесін тартып алып, бой тасалайтын жағдайлар жиі кездеседі.

45 жасар Елена осындай оқиғаның кезекті құрбаны болды. Жуырда кешкі сағат алтылар шамасында өз көлігімен жұмыстан қайтып келе жатқан Еленаның есігін ашып, қол сөмкесін жымқырып кеткен.

Елена болған жайтты дереу полицияға мәлімдеген. Арада 3 минут өткенде шолғыншы полициялар қылмыс болған жерді торуылдап, ұрылыарды іздестіру жұмыстарына кіріседі. Бірнеше минут өткен соң ұры кісенделді. Әйел ұрыны танып, жоғалған заттарын түгендеген.

Жеңіл жолмен пйда таппақ болған 35 жастағы Андрей атты азамат болып шықты. Тергеушілер оның осындай тағы да 10 шақты іске қатысы болуын айтуда. Қазір оның ісі жайында барлық полиция бөлімшелерінен тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар