Алматыда қолайсыз ауа райынан 8 көлік апаты болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ауа райына байланысты Алматы полициясы азаматтарды жол үстінде аса мұқият болуға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 06:00 – ден 10 00-ге дейін 8 жол апаты тіркелді. «Біз барлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жалпыға ортақ ережелерді сақтауға шақырамыз. Бүгін таңнан бері Алматыда 8 жол-көлік апаты тіркелді»,- деп хабарлады полициядан.
Еске салайық, 7 ақпан түнгі 02.00-ден бастап Алматы қаласында қар жауа бастады.
Таңғы сағат 07.00-дегі жағдай бойынша қалада 3-5 см, тау бөктері мен таулы аудандарда – 10-12 см қар түсті. Көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға құм, тұз себіліп жатыр.