Алматыда қолдан жасалған 640 мың бөтелке арақ-шарап тәркіленді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Айнабұлақ шағын ауданындағы бір қоймадан 640 мың күдікті алкоголь өнімі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматыда қолдан жасалған 640 мың бөтелке арақ-шарап тәркіленді

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «көлеңкелі экономикамен күрес» шарасы аясында 26 қазан күні Жетісу ауданы Айнабұлақ шағынауданында орналасқан қоймадан 640,7 мың бөтелке күмәнді арақ өнімін тәркіледі. 
null 

«Айнабұлақ шағынауданында орналасқан қоймаларды тексеру жедел-іздеу шарасы аясында рұқсат қағазсыз, лицензиясыз, тіркеу-бақылау маркасы күдікті алкоголь өнімдері анықталды. Тәркіленген өнімнің жалпы көлемі 640,7 мың бөтелке, құны 499,5 млн теңге. Тәркіленген өнімдер  «Пшеничная», «Polus», «Старлей», «Тау» және «Талас» шарабы маркасымен болған. Аталған факті бойынша, ҚР ҚК 214-бабында көрсетілген заң талаптарымен қылмыстық іс қозғалды», - деді Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қанат Балтабеков.
null 

Айта кетейік, Алматы қаласында 5-26 қазан аралығында жүргізілген «көлеңкелі экономикамен күрес» шарасы аясы 710,3 млн теңгенің өнімі, яғни 878 мың бөтелке заңсыз дайындалған алкоголь тәркіленді.
null 

Аталған басқарманың мәліметіне сүйенсек, жалпы жыл басынан бері Алматы қаласы бойынша құны 1,4 млрд теңге болатын 1,8 млн бөтелке заңсыз дайындалған алкоголь өнімі тәркіленген.