Алматыда көлігімен газ құбыры желісін зақымдаған жүргізушіге іздеу жарияланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көлігінің рөліне ие бола алмай газ құбыры желісін зақымдаған жолаушыға іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматыда көлігімен газ құбыры желісін зақымдаған жүргізушіге іздеу жарияланды

«16 қаңтар күні сағат 17:20-17:30 аралығында Қабанбай мен Яблочный көшелері қиылысында жол-көлік апатының салдарынан газ құбыры желісі зақымданды. Соның кесірінен, Алматы қаласы Медеу ауданындағы 40 газды реттеу қорабы мен 1127 тұрғын үйге берілетін құбырларға газ жіберу тоқтатылды. Жол-көлік апатының себепкері оқиға орнынан ізін жасырған. Оқиға салдарынан бірнеше үй жылусыз қалды», делінген хабарламада.

Алайда, сол күні аталған учаскеде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар қайтадан газбен қамтамасыз етілді. Айта кетейік, үзіліссіз газбен қамту үшін 16 қаңтар күні «ҚазТрансГаз» АҚ қызметкерлері жедел режімде түн ортасына дейін жұмыс жүргізді.

Оған газ қызметінің 6 арнайы бригадасы 5 техника жұмылдырылды.

Аталған компания бұл оқиғаның куәгерлері болса, 8727 2530207 байланыс нөміріне хабарласуды сұрайды.