Алматыда көлік 3 метрлік орға түсіп кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көлік 3 метрлік орға түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жол апаты таңғы 8 шамасында Ангарская көшесінде болған.

Шығысқа бет алып келе жатқан Тойота Авенсис жүргізушісі көлік тізгінінен айрылып қалған.

Машина жол шетіндегі кедергілерді бұзып, қазылған орға түсіп кеткен.

Абырой болғанда, көлік жүргізушісі жапа шеккен жоқ. Бірақ, көліктің алдыңғы бөлігі зақымданып, электр желісін үзіп кеткен.

Көшедегі адамдар көмек шақыртып, көлікті ордан кранмен алып шықты.

Соңғы жаңалықтар