Алматыда көлік апатынан 200-ден астам жеке үй газсыз қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда үлкен жүк көлігі газ құбыры желісін қағып кетті, салдарынан 249 жеке үй газсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда  көлік апатынан  200-ден астам жеке үй газсыз қалды

«ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметінің хабарауынша, апат 23 қыркүйек күні Түрксіб ауданындағы «Қайрат» ықшамауданында болды.

«КамАЗ көлігі ДУ-108 мм орташа қысымды газ құбырына соғылды, нәтижесінде газ желісінің L-5м зақымданды. Сондықтан 249 тұрғын үйге берілетін құбырларға газ жіберу тоқтатылды», -деп хабарлады « ҚазТрансГаз Аймақ « АҚ баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасына қатысты арыз, Алматы қалалық Полиция департаментінің жол полициясына берілді.