Алматыда көлік апатынан екі адам зардап шекті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні таңертең болған жол-көлік оқиғасынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Алматыда көлік апатынан екі адам зардап шекті

Сәтбаев-Егізбаев көшелерінің қиылысындағы бағдаршамға тоқтаған Toyota Land Cruiser Prado көлігіне қатты жылдамдықпен BMW келіп соғылды.

Салдарынан BMW автомобилінің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті. Куәгерлердің сөзінше, BMW көлігіндегілер мас күйде болуы мүмкін.

Қазір оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. 
nullnullnull