Алматыда көлік апатынан ер адам көз жұмды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жаяу жүргіншілер өткелінде Toyota ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.
Оқиға Құлжа тас жолы бойында болған. Toyota Құлжа тас жолымен оңтүстік бағытта жүріп келе жатқан.
Куәгердің сөзіне қарағанда, көлік жүргізуші жаяу жүргіншілер жолағына тоқтамастан, жолдан өтіп бара жатқан ер адамды соғып кеткен. Салдарынан 25-30 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Полиция көлік апатын тексеріп жатыр.