11:47, 28 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Алматыда көлік бөлшектерін жасайтын цех өртеніп, ер адамды күйік шалды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көлік бөлшектерін жасайтын цех өртеніп, ер адамды күйік шалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, Наурызбай ауданы «Заря» бау-бақша серіктестігіндегі «Kia Sorentо» автокөлігі бөлшектерінің өндірісі мен ағаш бұйымдар цехы өртенгені туралы хабарлама түнгі 22:38-де түскен.
Өрт сөндірушілердің айтуынша, тілсіз жаудың жақын арадағы үйлерді де шарпу қаупі төніп тұрған. Өрт жалпы ауданы 250 шаршы метр аумақты шарпыды.
Төтенше жағдайдан 52 жастағы ер адамды күйік шалды.
Өрт 23:23-те ауыздықталып, 23:46-да өшірілді.
Қазір мамандар өрттің неден тұтанғанын анықтап жатыр.