Алматыда көлік дөңгелегін ұрлағандар қолға түсті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тәртіп сақшылары автокөлік ұрлығын жасаған 3 адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қаланың Алмалы ауданында көлік ұрылары қолға түсті. Күдіктілер «Тойота Венза» маркалы автолкөліктің екі доңғалағын шығарып алып кеткен. Із кесушілер қарақшыларды «Хюндай Акцент» көлігіне жасырынғанын байқаған. Көлік Гоголь мен Нұрмақов көшелері қиылысында ұсталды. Ұсталағандар - 23, 24, 27 жастағы ҚР азаматтары. Олар бұрын істі болған. Заттық айғақтар қайтарылып алынды. Алмалы аудандық ІІБ-де сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деді қалалық ІІД баспасөзінен.
Алмалы ауданы ІІБ Тергеу бөлімінде ҚР ҚК 188-ші «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Мұндайда заң бойынша мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.