Алматыда көлік инфрақұрылымына 500 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бауыржан Байбек бүгін алматылықтарды Ата заң күнімен құттықтауға арналған салтанатты шарада тәуелсіздік жылдары Алматы аумағы 2 есеге өскенін, агломерацияны есепке алғанда қала тұрғындарының саны 3 млн адамға жеткенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Мегаполис экономикасы 100 есе өсіп, шағын және орта бизнес қатары 130 есе артқан. Тұрғын үй қоры 2 есеге көбейіп, 43 млн шаршы метрге жеткен. Көлік саны 10 есе өсті. Сол үшін соңғы он жыл ішінде 30 жол айрығы салынды. Көлік инфрақұрылымына 500 млрд теңгеден астам қаржы  жұмсалды. 5 жыл бұрын Алматы метросы жұмыс істей бастады,  мұндағы жолаушылар легі жыл сайын орташа 20%-ға артуда», деді қала әкімі Бауыржан Байбек.

Айта кетейік, бүгін Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтіп, Алматы әкімі Бауыржан Байбек алматылықтарды Конституция күнімен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар