Алматыда көлік қаққан азамат мерт болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жолдан өтіп бара жатқан адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда көлік қаққан азамат мерт болды

Жол апаты Құлжа тасжолында түнде болған. Жол апатынан 56 жастағы ер адам сол жерде көз жұмған.

«Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу реестрінің тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. 1964 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Жол апаты Құлжа тасжолы мен Бұқтарма көшесі қиылысынан оңтүстікке қарай шығатын жолда болған», -деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.