Алматыда көлік қаққан қыз оқиға орнында мерт болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы тау жолдарында автомобиль жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Алматыда көлік қаққан қыз оқиға орнында мерт болды

Оқиға Алма-Арасан сайындағы Дулати көшесінде болған. Солтүстік бағытты бетке алған Lexus жүргізушісі жылдамдығын бақылай алмай қалған. Жолдан тайған көлік жұмысқа кетіп бара жатқан 1985 жылы туған  қыз қағып кетті. Ауыр жарақаттарының салдарынан жая жүргінші оқиға орынында көз жұмды.