Алматыда көлік қаққан жігіт көз жұмды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көлік қаққан жігіт мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Алматыда көлік қаққан жігіт көз жұмды

Қайғылы оқиға «барахолка» базарында болған. Ер адам аспалы жаяу жүргінші жолымен өтуге ерініп, тыйым салынған жерден жүгіріп өтпек болған.
null

Сол кезде Тойота Камри көлігі келіп соққан. Алған жарақатынан 31 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын полиция тексеріп жатыр
null