Алматыда көлік құралдарын кедендік ресімдеуден өткізетін арнайы орын ашылды
АЛМАТЫ. 20 маусым. ҚазАқпарат - Алматы қаласының "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнында автокөлік құралдарын кедендік ресімдеуден өткізетін арнайы орын ашылды.
Енді алып шаһардың тұрғындары өздерінің жеке иеліктеріне алып келген автокөліктерін Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) жеңілдетілген тәртіппен кедендік жолаушы декларациясын, өзінің құжаттарын тапсырады. Сонымен қатар автокөліктерін ресімдеуде тауар декларациясын қолдануға толық құқылы. Мұндай жағдай автокөлікке кедендік тазарту уақытын қысқарта отырып, жұмыс үдерісінің ашықтығын арттырады. Соның нәтижесінде азаматтар ХҚКО кешенінен шықпай-ақ автокөлік құралдарын тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндігін қолдана алады. Қажетті құжаттар түгел болған жағдайда кедендік ресімдеу небәрі 30 минутта жүргізіледі.