Алматыда көлік сатумен айналысқан алаяқ ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының бірнеше тұрғыны алаяқтың құрбаны болды. Ер адам адамдарға арзан бағаға көлік сатпақшы болып, ақшаларын иемденіп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда көлік сатумен айналысқан алаяқ ұсталды

«1987 жылы туған Т., күдіктінің үстінен алаяқтық фактісі бойынша ресми арыз түсті. Тергеу оның қылмыстық іс-әрекетінің сызбасын анықтады. Күдікті адамдарды автокөліктерді нарықтағы бағадан төмен алуға болатындығына сендірген. Ол арзан көліктердің кәсіпорындардың бірінің балансынан шығарылғанын айтқан. Алаяқ «Toyota Camry» 40 және 45 маркалары, «Лада Приора», «Лада Гранта» көліктерін сөз еткен. Ер адам бұл темір тұлпарларды 600-ден 900 мың теңгеге дейін бағалады. Алаяқтың арбауына түсіп қалғандар ақшаларын қолына ұстатқан. Кейін көлік те, ақшада жоқ болды. Күдікті адамдарды алдау арқылы миллионнан астам теңге материалдық шығын келтірген»,- дейді Медеу аудандық полициясы.

Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 190-бабына сәйкес жүргізілуде.