Алматыда көлік шиналары мен қант сақталған қойма өртеніп кетті

АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - 4 тамыз күні сағат 02:41-де Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы
None
None

«АСС стройснаб» ЖШС-нің аумағында ішінде көлік шиналары мен азық-түлік (қант) болған бөлек тұрған қоймада өрт болды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, өрт сағат 03:42-де ауыздықталып, 08:17-де сөндірілді. Тілсіз жаумен күреске ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 50 адамы мен 17 техникасы жұмылдырылды. Өрт шамамен 4 мың шаршы метр аумақты шарпыды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар