Алматыда көлік тонаушы ұсталды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматылық полиция қызметкерлері автокөлік тонаушыны ұстады,

Алматыда көлік тонаушы ұсталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше таңертең полицияның жедел басқару орталығына «Вольво» автокөлігінің тоналғаны туралы хабар келіп түскен. Көлік иесінің айтуынша, көлік ішінен «Нокиа» маркалы ұялы телефон мен құжаттар, ақша салынған сөмке ұрланған. Жалпы шығын - 118 мың теңге. «Боран» жедел қызметінің аумақты шолуы кезінде күдікті айғақты заттармен қолға түскен.

Күдікті бірнеше күн бұрын Жамбыл облысынан жұмыс іздеу мақсатында келген. Алайда жұмыс істеудің орнына 23 жасар азамат қылмыс әлеміне жол тартқан. Қазіргі кезде оның үстінен ҚР ҚК-нің 175 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі кезде уақытша оқшаулау бөлмесіне тоғытылған күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.